Ни на сайт
Ни Аркадий Юрьевич
№1 Жамбыл сайлау округі

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
«РОКОС» КТ Бас директоры.

Қысқаша биографиялық мәліметтер.

Аркадий Юрьевич Ни 1961 жылы 25 наурызда Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында дүниеге келген.
1968-1978 ж.ж. – Тараз қаласының №29 орта мектебінде оқиды.
1978-1983 ж.ж. - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер - механик мамандығы бойынша тәмамдайды.
1983-1984 ж.ж. - Орал қаласының №32 СПТУ-да өндірістік оқыту шебері болып істейді.
1984-1986 ж.ж. - Орал қаласының Қазақстан ЛКСМ аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, кейін меңгерушісі болып қызмет еткен.
1986-1988 ж.ж. - совет армиясы қатарында саяси бөлімінің рота командирінің орынбасары болған.
1988-2006 ж.ж. - түрлі коммерциялық ұйымдарда қызмет етеді.
2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қаласындағы «РОКОС» КТ басшысы болып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»
мерейтой медалымен марапатталған.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 5-6 шақырылымдарының депутаты.
Қазақстан кәрістері қауымдастығы кеңесінің Ақтөбе филиалының басқарма мүшесі.
«Қазақстан Теннис Федерациясының» АҚБ Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30