Мухамбетпаизова на сайт
Мұхамбетпаизова Жеңіскүл Сағидуллақызы
№20 Ырғыз сайлау округінен депутат

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары

Мұхамбетпаизова Жеңіскүл Сағидуллақызы 1965 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Ұлты – қазақ, жанұялы, білімі жоғары, техника ғылымының кандидаты, доцент, 2013 жылдан бастап «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының орталық аппаратының саяси кеңес мүшесі.
Жалпы жұмыс өтілі – 30 жыл, педагогикалық өтілі – 20 жыл, басшылық қызметтегі өтілі – 8 жыл, оның ішінде колледж директоры қызметінде.
1987 жылы Алматы темір жол транспорты инженерлері институтының «Темір жол транспортында тасымалдау процестерін басқару» мамандығын бітіріп, инженер біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласында Автоматты жүйелеу басқармасында есептеуші орталықтың операторы болып бастады. 1991 жылы Атырау облысы Мақат стансасында станса кезекшісі, операторы болып жұмыс жасады. Өзінің педагогикалық жолдарын 1997 жылы Ақтөбе теміржол техникумынан бастап, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация Академиясы Ақтөбе филиалында аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде кафедра доценті болып қызметтер атқарды.
2009 жылы Облысымызда өткен «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің Елбасының қатысуымен ашылған салтанатында құттықтау сөз сөйледі.
2009 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры болып жұмыс жасайды.
2009 жылы колледж «Автоматика, телемеханика және теміржолды басқару» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің жоғарғы сыйлығын иеленді.
2010 жылы Облыс әкімінің педагогикалық жетістіктер конкурсында «Облыстың ең үздік колледжі» грантын иеленді. 2010 жылдың тамыз айында «Үздік білім беру ұйымы» байқауында І орынды иеленді.
2010 жылы «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» акциясының қорытындысында колледждің 30 студенті ноутбукке, 60 студентке Астана қаласына жолдама және 2 студент ВАЗ-2107 автокөлігіне ие болды.
2010 жылы қараша айында колледж ұжымы Республикалық конкурста «Кадрлар дайындауда металлургия саласында ең үздік оқу орны» атағына, 2011 жылы колледж оқытушылары арасында өткен ХІV Спартакиада жарысында І орындарға ие болды.
2017 жылы қараша айында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған өлкені көріктендіруге нәтижелі еңбегімен танылған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының үздік жауынгері деген 2 студентке Облыс әкімінің Астана қаласына жолдамасы берілді.
Ж.С.Мухамбетпаизова 2012 жылы қаңтар айында премьер-министр К.Масимовтың қатысуымен Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастырылуымен өткен кеңестің отырысына дербес шақыруымен қатысты.
2017 жылы 3 қарашада Астана қаласында партия төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Нұр Отан» орталық партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Ақтөбе облысы өңірінде партиялық жобалардың атқарылу және экономикалық, рухани даму бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
«Құрмет» орденінің (2014 ж.) иегері. Қазақстан Респубикасының Президентінің Алғыс хаттарымен (2009, 2015, 2016 ж.ж), Көлік және коммуникация Министрінің сертификатымен, Ақтөбе облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Ы.Алтынсарин» белгісімен (2013 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен (2013 ж.), «Қос Шынар» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының маслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР ІІМ «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төс белгісімен наградталды.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30