Латыпов на сайт
Латыпов Ғалымжан Мұхтарұлы
№17 Алға сайлау округінен депутат

 

Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

 

«Елек-Алға» ЖШС директоры


Ғ.Латыпов 1961 жылдың  9 маусымында  дүниеге келген.
1978 жылы орта мектепті бітергеннен кейін бірден С.М.Киров атындағы Ақтөбе  химзауытының құрылыс-жөндеу цехында жұмыс жасаған.
1979 жылы Өскемен қаласының  «Құрылыс жолдары»  институтының автокөлік және  автошаруашылық факультетіне түсіп, 1984 жылы бітіріп, инженер- механик мамандығын алды.
1984-1985 жылдар аралығында  Ақтөбе қаласының  автокөлік  басқармасында өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып атқарды.
1985 жылы  Алға автокөлік кәсіпорынында автоколонна бастығы қызметіне тағайындалды. 
1986-1989 жылдары осы кәсіпорынның бас инженерлігіне көтерілді.
1990-1994 жылдары осы кәсіпорынды басқарды.
1994-1997 жылдары «Елек» АҚ президенті, 1997-1999 жылдары «Энерготранс» АҚ президенті болған.
1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Елек-Алға» ЖШС директоры.
«Нұр Отан» Партиясының  мүшесі. Алға аудандық маслихатының ІІ шақырылуының депутаты.
2001-2004 жылдары мәжіліс депутатының қоғамдық қабылдауының бастығы қызметін атқарды.
2003 жылы Астана қаласында өткен барлық деңгейдегі депутаттардың сьезіне делегат болды.
Облыстық маслихаттың V  шақырылуының депутаты. 
Аудан және облыс әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды, «Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің  иегері. «Жеті арыс» қоғамдық бірлестігі атынан «Есет батыр Көкіұлы» төс белгісімен марапатталды.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30