Кенжебаев на сайт

Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы
№2 Алтынсарин сайлау округінен депутат

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы 1953 жылы 6 қаңтарда Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген.
ҚазМУ-дің механика–математика факультетінде оқып (1969-1970 ж.ж.), оқуын Ақтөбе пединститутында жалғастырған (1970-1974 ж.ж.).
Еңбек жолын Ақтөбе қаласының №21 мектебінің оқытушылығынан бастап (1974-1975 ж.ж.), алдымен Ақтөбе пединститутының (1975-1977 ж.ж.), кейін Жезқазған пединститутының (1977-1979 ж.ж.) матанализ кафедрасының оқытушысы қызметінде болған. Ғылыми-зерттеушілік қызметін Т.Шевченко атындағы Киев университетінің ғылыми өтілгерлігінен бастап (1979-1981 ж.ж.), аспирантурасында оқып (1981-1984 ж.ж.), «Дифференциалдық теңдеулер жүйелері үшін шеттік есептерінің шешімдерінің конструктивті анализ әдістері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1984 ж.).
Ұстаздық жұмысын Ақтөбе пединститутында аға оқытушы (1985-1989 ж.ж.), доцент (1989-1991 ж.ж.) және факультет деканы (1991-1992 ж.ж.) қызметінде жалғастырған. Ғылыми жұмысын Киев университетінің докторантурасында жалғастырып (1992-1995 ж.ж.), Украина ҰҒА-ның Математика институтында «Периодтық және шеттік есептерді зерттеудің конструктивтік әдістері» атты докторлық диссертация қорғаған (1995 ж.).
Математиканың дифференциалдық теңдеулер саласы бойынша ғалым-маман. Физика-математика ғылымдарының докторы (1995 ж.), профессор (2000 ж.). ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі (2006 ж.), ҚР ҰИА академигі (2010 ж.), ҚазҰЖҒА академигі (2009 ж.).
1995-2016 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды.
К.К.Кенжебаевтың 100-ден астам ғылыми басылымдары жарық көрген. Олардың ішінде «Конструктивные методы исследования пероидических и многоточечных краевых задач», Киев: «Наукова думка», 1999. – 220 б. атты монографиясы, «Сборник задач по курсу математического анализа» Киев, 2000. – 262 б. атты ЖОО студенттеріне арналған есептер жинағы және 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдары бар. Ол Ақтөбе университетінің «Дифференциалдық теңдеулер, анализ және алгебра проблемалары» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясының (1992, 1996, 1999, 2003, 2006, 2009, 2012 ж.ж.) ұйымдастырушысы. Ол ҚР ҒжБ Министрлігінің бірнеше ғылыми гранттық зерттеулерінің жетекшісі болды. Оның жетекшілігімен 8 кандидаттық және бір докторлық диссертация қорғалды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының бірнеше (1999, 2003, 2007, 2011, 2016 ж.ж.) шақырылымдарының депутаты.
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002 ж.) және «ҚР білім беру ісіне және ғылымына еңбегі сіңген қызметкер» (2012 ж.) құрметті атақтары бар.
Украина ҰҒА-ның М.Остроградский атындағы алтын медалімен (2002 ж.), «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001 ж.), «А.Байтұрсынов атындағы» (2002 ж.), «Астана» (2008 ж.) және Қазақстан ҰЖҒА-ның Әл-Фараби атындағы (2010 ж.) медалдармен марапатталған.
Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атағының (1998 ж.) иегері, Ақтөбе облысы Байғанин ауданының «Құрметті азаматы».

 

Член  

постоянной комиссии по региональному и отраслевому развитию

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30