Итегулов на сайт
Итеғұлов Марат Серғазыұлы
№4 Мясоедов сайлау округінен депутат

Марат Серғазыұлы Итеғұлов 1955 жылдың 14 тамызында дүниеге келген. «Экономист – өндірісті ұйымдастырушы» және «Иженер-агроном» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
Марат Серғазыұлы Итеғұлов еңбек жолын 1973 жылы құрылысшы ретінде бастаған. Инженер, экономист, кооператив төрағасы қызметтерін атқарған.
1997 жылдан бастап ірі кәсіпорындарға басшылық еткен.
2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Айс» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі директоры.
«Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндіру Ассоциациясы» ЗТБ басқарады.
Марат Серғазыұлының басшылық етуімен «Айс» ЖШС ұжымы бірқатар арнайы конкурстардың жеңімпазы болып, қазіргі таңда тек Ақтөбе облысын ғана емес Батыс Қазақстанды өз өнімдерімен қамтамасыз етуде.
Тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге белсенді атсалысуда.
Ақтөбе облыстық мәслихатының V, VI шақырылымдарының депутаты, «Нұр Отан» партиясы мүшесі. Ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, совхоз, кооперативтерде көп жыл жұмыс атқарған М.С.Итеғұлов үшін облыстық мәслихаттағы аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының маңызы өте зор. Өйткені ауылшарушылық өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғауды өз міндеті деп санайды.
Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Отбасылы, бес бала тәрбиелеп өсіруде.
Марапаты: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28