Булатов на сайт
Болатов Асқар Іскендірұлы
№6 Ақтөбе сайлау округінен депутат

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

 

Болатов Асқар Іскендірұлы 1972 жылы 3 қазанда Қарғалы ауданының Степное селосында дүниеге келген.
1987 жылы Петропавл орта мектебін бітірген.
1987-1991 жылдары Ақтөбе теміржол транспорты техникумының «Теміржол транспортындағы автоматика және телемеханика» бөлімінде оқыған.
1991-1996 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында «Жалпытехникалық пәндер және еңбек» бөлімін «Еңбекті оқыту және ЖТП мұғалімі» мамандығын 2006 жылы экономист мамандығын бетірген.
2015 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1997-2003 жылдары Ақтөбе қаласындағы жеке компанияларда басшылық лауазымдарын атқарған.
2003 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында «КазТрансОйл» АҚ технологиялық транспорт және арнайы техника цехының бастығы болып қызмет атқарды.
2003 жылдың қазанынан бері «СтарТайм» ЖШС директоры.
«Құрмет» Орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» (2014 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.
Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылымының депутаты.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30