Уразкулов на сайт
Ұразқулов Мағауия Амантайұлы
№30 Мәртөк сайлау округінен депутат

Оразқұлов Мағауия Амантайұлы 1965 жылы 18 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылында дүниеге келген.
Ақтөбе темір жол көлігі техникумын бітіргеннен кейін, 1984 жылдан бастап Шалқар жол дистанциясында жол жөңдеуші, №76 разъездің кезекшісі, станция бойынша кезекші, жедел-өкімдік бөлімнің 1-2 топтарының поездық диспетчері болды.
1996-1997 жылдары қозғалыс және коммерциялық жұмыстар бөлімінің инженері, 1997 жылдан 2002 жылға дейін техникалық бөлімінің ТӨА және техпроцессінің 1 санатты инженері.
2002 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы техникалық бөлім бастығының орынбасары.
2002-2005 жылдары Қандыағаш қаласы стансасының бас инженері.
2005-2006 жылдары Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті саласы бойынша ревизор.
2006-2013 жылдары «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Ақтөбе жол бөлімшесі» филиалының бас инженері.
2013-2015 жылдары филиал директорының бірінші орынбасары.
2015 жылғы шілдеден бастап «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Ақтөбе жол бөлімшесі» филиалының директоры.
Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылымының депутаты. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Наградалары: 1993 жылы темір жол көлігі жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін «Теміржолшылар күніне» арналған Құрмет грамотасы.
Төс белгінің иегері: 2011 жылы саланың жоғары наградасы «Құрметті теміржолшы» төс белгісі, 2014 жылы «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісімен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28