Ибраев на сайт
Ыбраев Асан Сағынғалиұлы
№15 Заречный сайлау округінен депутат

 Асан Сағынғалиұлы Ыбраев 1960 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы сәулет институтын 1982 жылы «инженер-геодезист» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1982 жылдан бастап «Казстальконструкция» тресті Ақтөбе басқармасында инженер-геозедист қызметінде еңбек етті. 1986 жылдан бастап Фрунзе аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы қызметін атқарды. 1988 жылы Ақтөбе қаласы Фрунзе партиясының аудандық комитетінің өнеркәсіптік-көлік бөлімінде меңгеруші, Қазақстан компартиясының қалалық комитетінің ұйымдастырушылық бөлімінде нұсқаушы, ұйымдастырушылық және кадр жұмысы бойынша комиссияның партия ұйымдастырушысы және Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің идеологиялық бөлімінде кеңесші қызметінде жұмыстар атқарды.
1991 жылғы қыркүйектен бастап «Дербес» жеке шағын кәсіпорынды, «Данк» өндірістік кооперативін басқарды. 1999 жылы «Ақтөбеэнерго» ААҚ материалды-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы болып жұмыс жасады, «Нерудник сауда үйі» ЖШС басқарды. 2004 жылы «Трансэнерго» АҚ директоры, 2008 жылдан бастап «Ақбұлақ» АҚ президенті лауазымында қызмет атқарды.
2007 жылы Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болды. Ақтөбе облыстық мәслихатының V,VI шақырылымдарының депутаты. Облыстық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясын басқарды. Қазіргі уақытта облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған (2016 ж).

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28