Сарманова на сайт
Сарманова Әсел Серікқызы
№19 Байғанин сайлау округінен депутат

Сарманова Әсел Серікқызы 1980 жылы Байғанин ауданы, Қарауылкелді селосында дүниеге келген. 1996 жылы №1 Қарауылкелді орта мектебін үздік бітірген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика факультетін, агро өнеркәсіп кешеніндегі экономист-менеджері мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2001жылы «Халық банкі» АҚ аудандық филиалында бақылаушы-кассир болып бастаған. 2004 жылы Байғанин аудандық жұмыспен қамту орталығында жетекші маман, 2005 жылы Байғанин аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жетекші маман, 2006-2010 жылдары Байғанин аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған. 2010 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.
2016 жылы аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. 2013 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Нұротан» партиясының мүшесі. 2016жылы Ақтөбе облыстық маслихаттың 6-шы шақырылымының, №19 Байғанин сайлау учаскесі бойынша депутаты болып сайланды.
Отбасылы, бір ұл мен бір қыз тәрбиелеуде.

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31