Сагналин на сайт
Сағналин Нұрлан Шымбайұлы
№18 Алға сайлау округінен депутат

 

 Сағналин Нұрлан Шымбыйұлы 1970 жылы қыркүйек айында Ақтөбе қаласында туылған.
Білімі жоғары. 2001- жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын 1987-1988 жылдары «Актюбинскоблагропромстрой» бірлестігінде ағаш ұстасы болып бастаған;
1988-1990 жылдары Кеңес армиясы қатарында болды;
1991-1998 жылдары «Актюбсельмаш» зауытында кайраушы, күзетші болып жұмыс жасады;
1995 жылы кәсіпкерлік әрекетін халық тұтынатын тауарларды сатудан бастады;
1999 жылы кәсіпкерлік қызыметін арақ, сүт тағамдарын өндіру саласында жалғастырды;
2010 жылдан Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамытуда.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы ет кластері кәсіпорынының кеңесшісі, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың «Қазақстан ет Одағы» Ұйымы председателінің орынбасары.
Ақтөбе облысында жұмыс істеген жылдары өзін оң тараптан көрсете білді. Облыс жұртшылығында зор абырой, беделге ие.
2012 жылы "Құрмет" орденімен" марапатталған.
Үлгілі шаңырақ иесі, отбасылы, екі ұл, бір қызы бар.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31