shakir
Шәкірбекұлы Бердібек
№31 Шалқар сайлау округінен депутат

Шәкірбекұлы Бердібек 1977 жылы 14 наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген.
Шалқар ауданы, Қорғантұз орта мектебін бітіріп, 1993-1997 жылдар арасында Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғарғы білім алды.
1998-2000 ж. С. Байшев атындағы университетінде Халықаралық экономикалық байланыстар және экономика факультетін Халықаралық дәрежедегі экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе қалалық №33 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастады.
1998 – 1999 ж. Тенгизшевройл компаниясында аудармашы болып жұмыс жасады.
1999-2000 ж. ENI Group Saipem Spa компаниясында материалдық жабдықтау бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.
2000-2013 ж. сәулет және құрылыс саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
2013 жылдан бастап ауыл-шаруашылық саласын дамыту, инвестициялаумен айналысып келеді.
2016 -2017 ж.ж. Шалқар аудандық маслихатының VI шақырылымының депутаты.
2017 жылдан бастап «Минеральные воды Казахстана» ЖШС-ң бас директордың кеңесшісі болып жұмыс жасайды.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2018 жылғы наурыз айынан бастап Ақтөбе облыстық маслихатының VI шақырылымының депутаты. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық маслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі. Отбасылы, алты бала тәрбиелеп отыр.
Марапаттары: Шалқар ауданының «Жыл адамы-2015», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Ерең еңбегі үшін», «Шалқар ауданының Құрметті азаматы» медальдарымен марапатталған.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28