Довматенок на сайт
Довматенко Дмитрий Адамович
№8 Пацаев сайлау округінен депутат

«Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніңдегі Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары


Д.Довматенко 1957 жылдың 4 қаңтарында дүниеге келген.


Жоғары білімі бар.
Еңбек жолын  Ақтөберентген заводында слесарь, мастер, бригадир, бөлімше басшысы болып бастаған.
1980 жылы қалалық кеңес депутаттығына сайланған.
1998-2003 жылдан бері  «Шығыс Сервис ЛТД» ЖШС басшысының орынбасары, басшы  қызметтерінде болды.  
2004 жылы «Қазақстанның қызмет саласы мен кәсіпорын сауда нарығының ассоциациясы» АФ ЗТБ   директоры қызметінде,
2005-2010 жылдары «Забота-Қамқоршылық» қайрымдылық корын басқарған.
2010-2012 жылдары «Шығыс Трэйд Ақтөбе» ЖШС директоры.
2012 жылдың желтоқсан айынан бастап «Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніңдегі Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары қызметінде.
Ақтөбе облыстық маслихатының үш шақырылымының депутаты. 2006 жылдан бастап  «Нұр Отан» Партиясының мүшесі. «Нұр Отан» Партиясы жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мен рұқсат етілетін құжаттардың сапасы мен қол жетілімділігін бақылау және мониторинг бойынша кеңес басшысы болып тағайындалған.
Тұтыну саудасында бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық  штаб комиссиясының және әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік  еңбек қатынастарын ретке келтіру жөніндегі үш жақты комиссия мүшесі.
«Шапағат», «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының «Өз ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежедегі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30