Бекмухамбетов на сайт
Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы
№3 Гоголь сайлау округінен депутат

 

Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

 

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры


Е.Бекмұхамбетов 1974 жылдың 4 маусымында  дүниеге келген.
1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын бітірген.
2001 жылы кандидаттық диссертация, 2007 жылы докторлық диссертация қорғаған.
2009 жылы профессор ғылыми дәрежесіне ие болды.
2001 – 2007 жылдар аралығында аға ғылыми қызметкер дәрежесінен Онкология және радиология бойынша Қазақ ғылыми зерттеу институты филиалының директоры дәрежесіне дейінгі жолдардан өткен.
2008 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры болып қызмет атқарады.
Жоғары санатты дәрігер. 100-ден астам мақаланың, 10 монография және оқу құралының, 5 авторлық куәліктің иегері.
 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі,  «Ломоносов» Ордені,  «Қазақстан Республикасының Қызыл ай қоғамының Құрмет белгісі», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағының үздігі» медалімен  марапатталған.
Ақтөбе облыстық мәслихатының V шақырылымының депутаты.


Байланыс телефоны: 56-34-25

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30