Елеуов на сайт

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы

№9 Сейфул округінен депутат

 

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы 1978 жылғы 10 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Ақтөбе қаласындағы№20 орта мектепті бітірген.
2001 жылы М.Оспанов атындағыБатыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын «хирург-дәрігер» мамандығы бойынша аяқтады. 2006 жылы Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталықта аспирантураны Астана қаласында жалғастырды. 2010 жылы диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты - ғылыми дәрежесінің иегері атанды. 2008 жылы Астана қаласында Құқық Академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтады. Қазіргі таңда, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ұлттық Шаруашылық және Мемлекеттік қызмет Мәскеу Академиясының - Бизнес және іскерлік әкімшілік Институтында сырттай оқуда.
2002 жылы интернатура аяқтаған кейін, еңбек жолын №2 қалалық емханада хирург-дәрігер болып бастады.
2004-2010 жж. аралығында Ақтөбе қаласында шұғыл мемлекеттік қызмет көрсету ауруханасында хирург-дәрігер қызметін атқарды.
2010-2012 жж. аралығында №2 қалалық емханада бас дәрігердің емханалық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дару Клиникасы» Медициналық оңалту орталығының директоры қызметін атқаруда.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік және қоғамдық жетістігі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылы ОМО «Дару Клиникасы» «Алтын Сапа» мемлекеттік алғыс хатымен марапатталды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30