Бекеев  на сайт
Бекеев Марал Мұңсызбайұлы
№29 Хромтау сайлау округінен депутат

Өңірлік және салалық дамыту бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мүшесі.
«Қазхром»ТҰК»АҚ филиалы-Дөң тау-кен байыту комбинаты директоры
Қысқаша өмірбаяны бойынша мәліметтер
М.Бекеев 1959 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген.
Жоғары білімі бар.
Марал Мұңсызбайұлы Бекеев Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында 1959 жылы өмірге келіп, осы қалада өсті. Ол қазіргі №2 гимназия мектебін бітірді. 1976 жылы Одақтағы ең ірі кен факультет болып табылатын, Тула политехникалық институтына оқуға түсіп, аш-ық кен қазбаларын қазу мамандығын алып шықты. Лебединск және Михайловск тау-кен байыту комбинаттарында практикадан өтті. Михайловск тау-кен байыту комбинатында екі апта кен жарушысы болып жұмыс істеп, содан кейін бұрғылап –жару жұмыстары бюросының инженері қызметіне шақырылды.
Марал Мұңсызбайұлы дипломын үздік қорғап, бөлген жері бойынша Куйбышев облысының әктас, қиыршық-тас өндіру кенішіне (Ресей колхоз аралық құрылысы) жіберілді. Осындай кенорындарының бары екеу ғана болды. Негізгі тауар СКРО қорғаныс министрлігіне жіберілді. Осыған дейін жас маман Хромтау қаласындағы «Дөң» кенішінде экскаватор машинисінің көмекшісі және кен диспетчері болып жұмыс істеп үлгерді.
1982 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін Клявленск зауыты (Куйбышев обл) кен цехының басшысы болып қызмет атқарды.
1983 жылы маусым айында М.Бекеев Дөң тау-кен байыту комбинатына оралып, «Молодежная» шахтасының кен жұмысшысы болып жұмыс істейді. Осы шахтада 2КВ кен үңгілеу комбайнының машинисі (1985), кен шебері (1989), кен үңгілеу жұмыстары учаскесі басшының орынбасары (1990), учаскелік кен нормалаушысы (1991), өндіріс жөніндегі шахта бас инженерінің орынбасары (1995), «Молодёжная» шахтасы басшысының орынбасары –өндірісті дайындау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (2000) болып қызмет атқарды. 2003 жылы М.Бекеев шахта басшысы болып тағайындалды. 2004 комбинаттың техникалық директоры болып, ал 2006 жылы сапа жөніндегі директордың орынбасары болып ауыстырылды. 2007 жылы Пермь облысында «Кен»Саранск шахтасы» ААҚ –ның бас директоры болып қызмет атқарды. 2010 жылдың тамыз айында Марал Мұңсызбайұлы Хромтау қаласына оралып, комбинаттың техникалық директоры қызметіне тағайындалып, 2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры болып қызмет атқарып келеді. «Молодёжная» шахтасының дамуына тікелей қатысы бар, атап айтқанда дәл сол уақытта шахта ұжымының құрамында еңбек етті. 1982 жылы бірінші кен өнімін өндірген мезетінде «Дөң» кенішінде дисперчер болып қызмет атқарып, бірінші кенді қабылдады. Марал Мұңсызбайұлы талантты өндірісші ғана емес, сонымен қатар белсенді қоғам қайраткері. 1994 жылы бірінші шақырылымның аудандық мәслихаты депутаты және 1999 жылы екінші шақырылымның облыстық мәслихаты депутаты болып сайланды. 2011 жылы бесінші шақырылымның облыстық мәслихаты депутаты болып сайланып, қазіргі таңға дейін депутат болып қызмет атқарып келеді. 12 жыл депутаттық қызметінің ішінде мәслихат сессиясының төрағасы болып үш рет сайланып, мәслихаттың ұдайы комиссиясы жұмысына қатысып отырды. Сессияларда өзекті мәселелерді талқылау бойынша бірнеше рет сөз сөйлеп, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды енгізді.
Марал Мұңсызбайұлының үш баласы бар. Қызы Әсел Алматы қаласындағы халықаралық экономика факультетін бітіріп, Алматыда жұмыс істеп, қазіргі таңда Астана қаласында жұмыс істеп, өмір сүріп жатыр. Ұлы Қанат ҚТЖ саласында еңбек етіп келеді. Кіші баласы Мирсаид Астана қаласында жұмыс істеп, өмір сүріп жатыр. Жұбайы Ғалия Әскерилендірілген кен апатынан құтқару жасағында әкімшілік-құқықтық бөлімі басшысы болып қызмет атқарып келеді. Осы отбасының бас құндылығы әрқашан адал болу қағидаты ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, осы әулеттің құндылығы болып келеді. Комбинат директорының жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, дем алуға уақытты бөлу оңай болмайды. Бірақ Марал Мұңсызбайұлы дем алуға тапқан кезде өзінің отбасымен бірге әсіресе табиғатта дем алғанын қалайды. Ол әртүрлі жанрдағы және авторлары Мураками және Достоевскийден Омар Хайямға дейін кітаптарын оқығанды жақсы көреді, тарихи және классикалық әдебиеттерге де көңіл бөледі. Студент жылдары бокспен, ал қазіргі таңда футболмен шұғылданып келеді. Ол кез келген адамдар сияқты, елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды күн сайын жаңалық хабарламалардан қарап отырады.
Марал Мұңсызбайұлы«Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне» арналған медальмен, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» медалімен наградталды.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28