Yergazina2016

Ерғазина Гүльжанат Қойбағарқызы

№21 Қарғалы сайлау округінен депутат

Туылған күні: 10 маусым 1974 жыл

Туған жері: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы
Ұлты: Қазақ
Білімі жоғары, Батыс Қазақстан аграрлық университеті, мамандығы « экономист »
(1992-1997ж.ж..)
Екінші жоғары білімі- Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, мамандығы « заңгер » (2010 – 2012 ж.ж.)
Отбасылық жағдайы: Тұрмыс құрған, үш ұл баланы тәрбиелеуде.
Ерғазина Гүлжанат - еңбек қызметін Хромтау қаласының Әкім аппаратында экономист қызметінен бастады. 2003-2006 жылдар аралығында аудандық экономика және қаржы бөлімінде бас маман, 2006 жылдан бастап - «Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-ның бастығы, 2007 жылдан бастап – «Ақтөбе обылысының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасы» ММ кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2009 жылдан осы уақытқа дейін – «Қазагро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе Филиалының директоры.
Ерғазина Гүлжанат - облыс әкімі жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық істері бойынша комиссия мүшесі, саясаткер әйелдер клубының мүшесі, Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Қ.Жұбанов атындағы АМУ «Экономика» факультеті бойынша аттестаттау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанның Іскер әйелдер V форумының қатысушысы (Астана - 2009.), « Қанатты Әйел - III » республикалық жәрмеңкесінің қатысушысы (Павлодар - 2010) және VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының қатысушысы (Астана - 2011.).
EBROPEAID «Өңірлік даму ШОБ» (ASMED) жобасы бойынша (2004ж)., Қазақстан Республикасының әділет органдар, мемлекеттік және басқа да мекемелердің қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату Институтында - (Астана қ.- 2006ж.), Кәсіпкерлік тәжірибенің республикалық оқыту орталығында - (Астана қ.- 2006 ж.), Мысыр Араб Республикасының Шетел министрлігіндегі Ұлттық зерттеу орталығында (Егепит- 2008 ж.) және Израиль мемлекеті – Шетел министрлігіндегі Халықаралық ынтымақтастық Ұлттық Агенттігіндегі оқу курстарынан өтті (Израиь- 2014 ж.)

Жеткен жетістіктері
2008 жылы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарының V форумына белсене қатысқаны үшін , Ақтөбе облысы әкімінің алғысымен марапатталды.

2009 жылы Қазақстан Іскер әйелдер V форумына қатысу аясында Қазақстан Республикасының Президентінің атынан атаулы сыйлығымен марапатталды.

2010 жылы белсенді қоғамдық жұмысы үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, ҚР Президенті жанындағы отбасылық-демографиялық саясаты және Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасының алғыс хатымен ерекшеленеді.

2010 жылы кәсібилік және еңбек міндеттерін адал атқарғаны үшін, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 71 -тармағына сәйкес, « АШҚҚҚ » АҚ-ның Басқарма төрағасының бұйрығымен еңбек кітапшасын енгізілуінен алғыс жарияланды .

2011 жылы арнайы жетістігі және белсенді қоғамдық жұмысы үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасының дипломымен марапатталды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 10.11.2011ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2012 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға және жүктелген міндеттерін жақсы орындауға қосқан үлесі үшін, « ҚазАгро» АҚ ұлттық басқарушы холдингі Басқарма төрағасының алғыс грамотасымен марапатталды.

2012 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі және үздік нәтижеге қол жеткiзгені үшін Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатпен марапатталды.

2013-2015 ж.ж. аралығында ол басқаратын «АШҚҚҚ» АҚ Ақтөбе филиалы бірнеше рет үздік көрсеткіштері үшін «Үздік филиал» диплом, граматалармен марапатталды.
2015 жылдың қараша айында жоғары көрсеткіштері үшін Ақтөбе облысының әкімінің алғыс хатпен марапатталды.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30