Айтжанов на сайт

Айтжанов Асхат Абдрахманұлы
№10  Абай округінен депутат

«Дастан» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы.

1962 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Мәскеу қаласындағы КСПИ-тын (қазіргі В.С.Черномырдин атындағы Мәскеу мемлекеттік ашық университеті) «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдайды.
1994 жылы АҚШ Техас штатының Хьюстон қаласында ағылшын тілін Райс университетінде бір жылдық курсын оқып аяқтайды.
2009 жылы Германия Федеративтік Республикасының Берлин қаласында ҚР экономикасы саласында басқарушы қызметкерлерді және менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқиды.
2013 жылы РФ Мәскеу қаласында Ұлттық зерттеу Университеті Жоғарғы Менеджмент Мектебінде басқарушыларға арналған Executive MBA бағдарламаны сәтті аяқтады.
1979 жылы орта мектеп бітірген соң, еңбек жолын №5 ЖҚМБ темір шебері ретінде бастаған.
1980-1982жж.Совет Армиясы қатарында әскери борышын атқарған.
1982-1984жж.- пойыздарды байланыстырушысы қызметінде С.М.Киров атындағы Ақтөбе химкомбинатының теміржол цехінде жұмыс істеген.
1984-1987жж. - С.М.Киров атындағы Ақтөбе химкомбинатының комсомол комитетінің хатшысы.
1987-1991жж. спорттық және қорғаныс-бұқаралық бөлімінің нұсқаушысы ретінде, кейін Қазақстан ЛКЖО Ақтөбе облыстық комитетінде іс басқарушысы және қаржылық-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етеді.
1991 жылы «Дастан» жеке өндірістік фирмасын ұйымдастырды, бұл фирма қазір 600-ден астам адам еңбек ететін «ДАСТАН» Компаниялар тобына айналды.
Марапаттары:
• «Құрмет» ордені.
• «Астананыигергеніүшін» медалы.
• «Ақтөбе қаласында Әулие Николай Шіркеуінің құрылысына белсене қатысқаны үшін» Естелік белгісі.
Ақтөбе облысы әкімінің, Ақтөбе қаласы әкімінің, Атырау қаласы әкімінің, «Қазақстан Құрылысшылар Одағы» АФ Төрағасының Алғыс хаттарына ие. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Құрмет грамотасымен марапатталды. «Ақтөбе облысының жыл адамы - 2015» атағына ие болды.
Ақтөбе қалалық мәслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты болды.
2016 жылғы наурыз айында Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылымының депутаты болып сайланды.Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі,«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер және жұмыс берушілер Одағының Президенті.
Ақтөбе облыстық «Атамекен» ҰКП Аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.
Инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту Аймақтық кеңесінің мүшесі.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде еркін сөйлейді.
Уйленген, екі ұлы және алты немересі бар.

 

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30