Вишняк на сайт
Вишняк Сергей Викторович

№6 Жанузаков сайлау округінен депутат

№ 6 Жанұзақов сайлау округінің депутаты
Экономика, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және бюджет бойынша тұрақты комиссия мүшесі.
«ДИНАР-ЭЛЕКТРОМАШ» ЖШС-нің іс басқарушысы («Энергия» фирмасы)
Қысқаша биографиялық деректер:
1 қазан 1961 жылы Ақтөбе қаласында туылған, ұлты орыс.
Білімі жоғары, К.Жубанов атындағы Ақтөбе университетінде, экономика және менеджмент факультетін бітірді.
1978 жылы өзінің еңбек қызметін Ақтөбе химиялық қосылыс зауытында энергоцехтің темір ұстасы болып бастады. Аппаратшы, кезек мастері, 4-ші цех бөлімінің басшысы, зауытты жабдықтау бөлімінің басшысы және бірқатар жылдар бойы хим.зауыттың құрамдау бөлімінің жетекші инженер қызметінде болды.
1998 жылдан бастап әртүрлі коммерциялық мекемелерде басқарушы қызметін атқарды.
2000 жылдан бастап «ДИНАР-ЭЛЕКТРОМАШ» ЖШС-нің ортақ құрылтайшысы және тұрақты іс басқарушысы.
2016 жылғы 24- наурызда Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі
Ақтөбе облысы бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
Әулие-Никольский кафедралық шіркеуінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Марапаттары:
3 деңгейлі Мәскеулік Әулие князь Даниил ордені
«Алғыс» медалі, Орыс православтық шіркеуі
Қазақстанның «Ұлттық гвардиясына 20 жыл » медалі
«Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Құрмет» ордені
«Ел бірлігі» номинациясындаҚазақстан патриоты атағы, Ақтөбе облысында ЖЫЛ АДАМЫ, ҚР Президентінен «Қайырымдылықты дамыту және Қазақстан халқының бірлігін күшейтуге үлес қосқаны» үшін алғыстарына ие болды.
Үйленген, жұбайымен ұл және қыз тәрбиелеген, екі немересі бар.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30