Айтбаева Светлана Ермекқызы
№26 Темір сайлау округінен депутат

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

 

Ғ. Жұбанова атындағы  облыстық филармонияның «Саз» балалар студиясының көркемдік жетекшісі


С.Айтбаева 1973 жылдың 15 шілдесінде Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында дүнеге келді.
1988 жылы  Калинин атындағы мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1992 жылы бітірген.   Осы жылы   «Жібек жолы» тобының әншісі ретінде шақырылған.
1996 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің  музыка факультетін бітірген.
1999 жылы Ақтау қаласында өткен Халықаралық «Джаһан дала» атты бауқауында Лауреат атағына ие болды.
2000 жылдан бастап Ғ.Жұбанова атындағы  облыстық филармониясының Камералық хор әртісі ретінде жұмысқа қабылданып, 2003 жылдың қараша айында қазақ ұлттық аспаптар оркестріне ауыстырылды.
Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт-2003» шығармашылық жастар және студенттер фестиваліне қатысып, дипломант атанды.
2004 жылы С.Айтбаева Ақтөбе облысының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін  облыс әкімінің сыйлығының Лауреаты атанды, әрдайым облыстық және қалалық мерекелік шараларға белсенді қатысушы.
2006 жылы Мәдениет, өнер және өз ісі саласындағы жетістіктері үшін, әрі халық сүйіспеншілікке бөленген тұлға ретінде Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 жылы Светлана Айтбаеваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
2009 жылы Светлана Айтбаева «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясының «Славные сыны и дочери Казахстана»  бөліміне енген.
2010 жылдың сәуір айынан бастап  Ғ. Жұбанова атындағы  облыстық филармонияның «Саз» балалар студиясының көркемдік жетекшісі  ретінде жұмыс жасап келеді.
С.Айтбаева тілді, туған өлкеның дәстүрлерін құрметтеуді және насихаттауды ең басты міндетім деп біледі. Оның репертуарындағы туған жер, Отан, ел туралы әндердің көп болуы да оған дәлел.
Отбасында 3 бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Дінмұхаммед – А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің студенті, «Звонкие голоса Байконура» атты Халықаралық фестивальдің 1 орын лауреаты, «Жас қанат-2012» Республикалық байқаудың «Алтын қанат»  иегері, Ялта қаласындағы «Шығыс базары-2012» Халықаралық телевизиялық фестивалінің  1 орын жеңімпазы.  Қызы Раушан және кіші ұлы Әбілмансур Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясының  оқушылары.

 

Байланыс телефоны: 50-05-43

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30