danagulov
Ербол Жеткергенұлы Данағұлов
«Nur Otan» партиясынан депутат

Ербол Жеткергенұлы Данағұлов 1981 жылы 11 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шалқар қаласында дүниеге келген. 1998 жылы орта білім беру мектебін тәмамдады.

1998-2002 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша және 2005-2007 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Шалқар ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2006-2007 жылдары Шалқар ауданы әкімі аппаратының жинақтау және талдау бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі, 2008 жылы Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, 2008-2012 жылдары Шалқар қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылғы маусымнан бастап Шалқар ауданының әкімі, 2016 жылғы шілдеден бастап Мұғалжар ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2019 жылдың шілде айынан бастап «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. Шалқар ауданында 2015 жылы «Жыл адамы – 2012», «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілерімен және 2017 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 2016 жылы «Шалқар ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болса, 2019 жылы «Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. 2014 жылы «Қайырымдығы үшін» медалімен, 2010 жылы «Белсенді әскери-патриоттық жұмысы үшін» медалімен, 2018 жылы «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төсбелгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Армия генералы С.К.Нұрмағанбетов» медалімен, «Әлия-Мәншүк» медалімен, «Батыр шапағаты» медалімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» мерейтойлық медалімен марапатталған. «Көліктегі ішкі істер органы 100 жыл» медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Облыстық мәслихатта «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы, аграрлық мәселелер және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.