alishev
Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев
«Nur Otan» партиясынан депутат

Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев 1978 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Білімі-Жоғары, мамандығы: заңгер-құқықтанушы, 1999 жылы Ақтөбе қаласындағы «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын және Мәскеу қаласындағы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін (МЭСИ) экстернатпен бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қандыағаш қаласы Мұғалжар аудандық сотының сот орындаушысы болып бастаған.
2000 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың сәуіріне дейін Қобда ауданы прокурорының көмекшісі, кейін аға көмекшісі. 2002 жылдың сәуірінен 2003 жылдың желтоқсанына дейін Мұғалжар ауданы прокурорының көмекшісі;
2003 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы қаңтарға дейін Темір ауданы прокурорының орынбасары;
2006 жылғы ақпаннан 2008 жылғы қарашаға дейін Құлсары қаласындағы «Бұлан» ЖШС Бас директорының кеңесшісі;
2008 жылғы қарашадан 2010 жылғы наурызға дейін «ИГС-Сичим» ЖШС БК Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Атырау қаласы;
2010 жылдың сәуір - маусым айларында Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі бас маманының міндетін атқарушысы;
2010 жылдың маусым айынан 2011 жылдың қаңтар айына дейін Атырау облысы әкімі аппаратының құжаттаманың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі;
2011 жылғы қаңтардан 2012 жылғы ақпанға дейін Атырау облысы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің бастығы;
2012 жылғы ақпан - қыркүйек аралығында-Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
2013 жылғы қаңтардан 2018 жылғы мамырға дейін «ACRB LTD» ЖШС коммерциялық директоры, Атырау қаласы;
2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Арман-М» ШҚ басшысы қызметтерін атқарды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.