sarsenbina
Баянды Қуандыққызы Сәрсенбина
«Nur Otan» партиясынан депутат

Баянды Қуандыққызы Сәрсенбина 1970 жылы 19 қарашада Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Ырғыз ауданы Қалыбай ауылындағы сегіз жылдық мектептің бірінші сыныбына барды. 1987 жылы Коминтерн орта мектебін үздік тәмамдаған.
1987 жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетіне түсіп, 1992 жылдың тамыз айында «Журналист» мамандығы бойынша үздік аяқтады.
Еңбек жолын 1992 жылдың 22 тамызында Алматы қаласындағы «Жас алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің саясат бөлімінде тілші қызметінен бастап, 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Алтын орда» газетінің редакциясында тілші болып жұмыс жасады.
2002 жылдың сәуір айынан 2018 жылдың 22 наурызына дейін «Жас алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.
2002 жылдың 1 қыркүйегінен 2004 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультеті журналистика кафедрасының оқытушысы болып қызмет жасады.
2019 жылдың 3 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін облыстық «Ақтөбе» газетінде экономика бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.