sabyr
Қайрат Қанатұлы Сабыр
«Nur Otan» партиясынан депутат

Қайрат Қанатұлы Сабыр 1966 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем станциясының санитары болып жұмыс жасайды.
1984 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1990 жылы оны үздік бітірді.
1990-1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында «Хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада және аспирантурада оқыды, Ақтөбе облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің ординатор дәрігері болып жұмыс жасаған.
1995-1998 жылдары Ақтөбе ММИ госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті, Ақтөбе облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі;
1998-2000 жылдары Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігер;
2000 жылдың тамызынан 2003 жылдың тамызына дейін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры;
2003 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың тамыз айына дейін М.Оспанов атындағы БҚММА факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі;
2004 жылдың шілдесінен 2014 жылдың шілдесіне дейін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2014 жылдың маусымынан 2017 жылдың мамырына дейін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс жасады.
2017 жылғы наурызда мемлекеттік қызметшіні аттестаттау нәтижелері бойынша «Лауазымға сәйкес келеді және жоғарылатуға ұсынылады» қорытындысы берілген.
2017 жылдан 2018 жылдың мамыр айына дейін «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК медициналық директоры, медицина университетінің хирургия кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды.
2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болып қызмет атқарады.
2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақтөбе облысындағы филиалының директоры.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Жоғары санатты хирург. Жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы. Медицина ғылымдарының докторы (2002 ж.), профессор (2012 ж.), ҚР клиникалық және іргелі медицина академиясының академигі (2013).
Бірнеше рет біліктілігін арттырды, оның ішінде: Лондон Корольдік колледжінің менеджмент мектебі (2002), РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясы (2006), Стэнфорд университетінің медициналық мектебі (2012), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2014) және т.б. 140-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің, соның ішінде 8 өнертабыстың, 7 монографияның (нұсқаулықтар, оқулықтар) авторы.
«Құрмет» орденімен (2012 ж.), Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) медальдарымен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2007 ж.), «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2010 ж.), ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2003 ж.) төсбелгілерімен марапатталған, Қазақстандық дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығының «Алтын дәрігер» төсбелгісінің (2014 ж.) және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалінің (2020 ж.) иегері.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.