masalimova
Күлшат Қабылбекқызы Масалимова
«Nur Otan» партиясынан депутат

Күлшат Қабылбекқызы Масалимова 1973 жылы 9 шілдеде Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Білімі: жоғары, 2005 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1999 жылы «LLP Corporate Cuisine» компаниясында тамақтану және өмір сүру жөніндегі үйлестіруші болып бастады. 2005-2009 жылдары «Aspava» ЖШС директоры, 2009-2016 жылдары «Taksim Asia» ЖШС директоры болып қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «МК» Корпорациясы» ЖШС құрылтайшысы болып табылады.
«Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, «Қолғанат Ақтөбе» ҚҚ президенті, Ақтөбе облысының саясаткер әйелдер клубының мүшесі, Қазақстан әйелдер күштері Альянсы төрағасының орынбасары, өңірлік брендті анықтау жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі.
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен, түрлі Алғыс хаттармен, Грамоталармен марапатталған, «Жыл адамы – 2019» атағының иегері, COVID-2019-ға қарсы күреске қосқан үлесі үшін «Аманат» сыйлығымен, «Халық Алғысы» медалімен марапатталған.
Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген. Ақтөбе қалалық мәслихатының VI шақырылымының депутаты.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.