lazarchuk
Евгений Геннадьевич Лазарчук
«Nur Otan» партиясынан депутат

Евгений Геннадьевич Лазарчук 1989 жылы 11 мамырда Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Айтпайка ауылында дүниеге келген. Білімі - орта-техникалық. 2007 жылы Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжін техник-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Елім Табантал» ЖШС механизатор болып бастаған. 2009 жылдан 2012 жылға дейін «Қазақавтожол» РМК-да жүргізуші, механик болып жұмыс істеді. 2012 жылдан 2015 жылға дейін «ВЕСТ-V» ЖШС атқарушы директоры қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «ЮЖПРОМСНАБ» ЖШС жүргізуші болып жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары – «Интерстиль» ЖШС жүргізушісі болды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы». 2019 жылдың мамыр айынан бастап «Ақтөбе, тыныс ал!» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша МЭГРП-нің Экоамбассадоры.
«2019 жылдың үздік еріктісі», 3 орын, ЭКОАМБАССАДОР МЭГРП сертификаты, «Халық Алғысы» медалімен, «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, экологияны қорғауға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасылы, бір бала тәрбиелеуде.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.