koilybaev
Қайрат Әлібиұлы Қойлыбаев
«Nur Otan» партиясынан депутат

Қайрат Әлібиұлы Қойлыбаев 1963 жылы 5 сәуірде Әйтеке би ауданында дүниеге келген. 1979 жылы Қарабұтақ ауылындағы Т.Г.Шевченко атындағы орыс орта мектебін бітірген. 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1983-1985 жылдары әскер қатарында болды. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Жаңажол мұнай – газ барлау экспедициясында инженер, 1988 жылдан 1991 жылға дейін Ақтөбе қалалық комсомол комитетінің хатшысы, 1992 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы жастардың ғылыми – техникалық шығармашылық орталығы директорының орынбасары болып жұмыс жасады.
1993-1997 жылдары «Қазқұрылыс» кәсіпорнының директоры.
1997 жылы Ақтөбе тәжірибелі жөндеу – механикалық зауыты еңбек ұжымының жалпы жиналысында басқарма төрағасы болып сайланды. Кейін бұл кәсіпорын «Ақтөбе металлқұрылым зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» ЖШС Бас директоры.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, «Жыл меценаты», «Ауыл қамқоршысы», «Әйтеке би ауданының Құрметті азаматы» атақтарының иегері.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.