kozhabekova
Жұлдыз Қазиханқызы Кожабекова
«Nur Otan» партиясынан депутат

Жұлдыз Қазиханқызы Қожабекова 1986 жылы 30 қарашада Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Толыбай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Хромтау ауданының Ақжар қазақ орта мектебін тәмамдады.
Білімі жоғары, 2004-2008 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. 2008-2010 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасын «Филология ғылымдарының магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастады. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс жасайды.
2018 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Филология» мамандығы бойынша PhD докторанты. 3 оқу құралы мен 45 ғылыми мақала мен еңбектің авторы.
Айтыскер ақын, облыстық, республикалық айтыстар мен ақындар сайысының бірнеше дүркін жеңімпазы. «Жас Ақтөбе» жастар сыйлығының және Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері. Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған «Ел үміті» республикалық номинациясының және «Хромтау ауданына 85 жыл» мерейтойлық медалінің иегері.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.