kistaubaev
Асқар Әлмұратұлы Қыстаубаев
«Nur Otan» партиясынан депутат

Асқар Әлмұратұлы Қыстаубаев 1961 жылы 12 сәуірде Ақтөбе облысында дүниеге келген. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, экономикалық және заңгерлік.
Еңбек жолын 17 жасында техник, жұмысшы, үйірме жетекшісі, әдіскер болып бастаған. Қазақстан ЛКЖО аудандық және облыстық комитеттерінде жауапты қызметтер атқарды. Ақтөбе облысының ішкі істер органдарында қызмет атқарды. Ақтөбе қаласының салық комитетінде жұмыс істеді. 30 жылдан астам басшылық лауазымдарда: «Аниан» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары, «Актобеэнерго» ААҚ вице-президенті, кейін президенті, «Казинтерстрой» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры, «Энерготехмонтаж XXI» ЖШС, «Желдорстрой» АҚ Хромтау филиалының бас директоры, «Аллком Ақтөбе» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Актобеэнергоснаб» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта «Aqtobe su - energy group» АҚ - Ақтөбе қаласын суық және ыстық сумен, жылумен қамтамасыз ететін, су бұру қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорнының бас директоры.
А.Ә.Қыстаубаевтың басшылығымен бұрынғы «Трансэнерго» АҚ және «Ақбұлақ» АҚ сияқты облыс орталығының екі коммуналдық қызметі қайта ұйымдастырылды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.