kuldybaeva
Әсия Еделбекқызы Құлдыбаева
«Ақжол» партиясынан депутат

Әсия Еделбекқызы Құлдыбаева 1975 жылы 26 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1982-1990 жылдары Ақтөбе қаласында №24 орта мектепте оқыған. 1990 жылы Ақтөбе темір жол көлігі техникумының экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына түсіп, 1993 жылы аталған оқу орнын аяқтаған.
1994 жылы Алматы көлік және коммуникация инженерлері институтының экономика факультетінің экономист мамандығына түскен.
1993 жылдың қазан айынан бастап қалалық салық инспекциясында, ЖШС және кооперативтер бөлімінде жұмыс жасайды. 1996 жылы «Эндем» ЖШС бухгалтер қызметіне ауысты. 1998 жылы «Халық Банк» АҚ-ға ауысты.
23.06.1998-21.10.2004 ж.ж. ОПЕР кассирінен бастап клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің кредиттік басқарудың І санатты кредит менеджеріне дейін жұмыс істеді. 2004 жылдың қарашасынан 2011 жылдың мамырына дейін «АТФ Банк» АҚ-да корпоративтік несиелеудің жетекші маманы, кейін Ақтөбе қаласындағы филиалдың аймақтық аудиторы болып қызмет атқарды.
2011 жылы «ВТБ Банкке» директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты.
2013 жылы Ақтөбе қаласындағы «Альфа банк» филиалының директоры болды. 1 шілдеден бастап Ақтөбе қаласындағы «Еуразиялық банктің» №3 филиалының директоры қызметіне ауысты, онда қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталған. Ақтөбе облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Қайырымдылық қызметпен белсенді айналысады.
Отбасылы, кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отыр.
«Ақжол» партиясының мүшесі, 2019 жылдан бастап аталған партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.