itegulov
Еламан Маратұлы Итеғұлов
«Nur Otan» партиясынан депутат

Еламан Маратұлы Итеғұлов 1988 жылы 7 қарашада Алматы облысы Сарқанд қаласында дүниеге келген.
Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп – интернатын (РМФМОММИ) бітірген.
2006 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) «Іскерлік әкімшілендіру» факультетіне оқуға түсті. 2010 жылы аталған институтты бітіріп, «Қаржы/Менеджмент» мамандығы бойынша диплом алды. Оқу кезінде Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің әскери кафедрасында әскери дайындықтан өтіп, сержант әскери атағын алды.
Еңбек жолын 2010 жылы бастап, көтерме сату жөніндегі менеджерден бастап, лауазымы түрлі ірі компанияларда басшыға дейін өсті.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фирма Жандос и К» ЖШС директоры болып жұмыс жасайды.
2018 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
Өзінің еңбек жолында өзін ұйымдастырушылық қабілеті бар тәжірибелі маман ретінде көрсете білді. «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен марапатталған. Белсенді өмір салтын жүргізеді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылы, бір бала тәрбиелеп отыр.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.