zeletdinova
Әсел Асқарқызы Зелетдинова
«Nur Otan» партиясынан депутат

Әсел Асқарқызы Зелетдинова 1996 жылы 25 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2014 жылы №17 орта мектеп-гимназиясын бітіріп, Қазақ-Орыс халықаралық университетіне «Психология» мамандығы бойынша оқуға түсті.
Еңбек жолын 2010 жылы оқу орталығында хатшы, 2011 жылы кітап компаниясының сауда өкілі, 2012 жылдан бастап хореограф, фитнес бойынша нұсқаушы, 2014 жылы би студиясының әкімшісі болып бастады.
2015 жылы балалар мен ересектерге арналған «Шығармашылық даму орталығы» өз бизнесін ашты. Сондай-ақ, «Breakdance федерациясы» РҚБ Ақтөбе қаласы бойынша филиалының құрылтайшысы және «Ақтөбе облысының баскетбол федерациясы» ҚБ құрылтайшысы болып табылады.
2019 жылы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ әлеуметтік кәсіпкерлікті жүргізу бойынша оқудан өтті.
Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының, Ақтөбе қалалық жастар қанатының мүшесі.
Әсел Асқарқызы қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады, оның қызметі жастарды дамытуға, мәдени тәрбиені қолдауға және балалар мен жасөспірімдердің таланттарын дамытуға бағытталған. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасылы. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.