volnenko
Людмила Сергеевна Волненко
«Nur Otan» партиясынан депутат

Людмила Сергеевна Волненко 1979 жылы 7 қарашада дүниеге келген.
Еңбек жолын 2003 жылдың шілде айында «ШЖҚ «Хромтау ОАА» МКК-да терапевтік учаскелердің меңгерушісі болып бастады, 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап – учаскелік терапевт, 2004 жылдың шілде айынан бастап терапевтік учаскелердің меңгерушісі болып қайта тағайындалды. 2004 жылы жұқпалы аурулар кабинетінің дәрігері болып ауыстырылды. 2005-2014 жылдар аралығында терапевтикалық бөлімше дәрігерінен, күндізгі стационар дәрігерінен терапевтік учаске меңгерушісіне дейін еңбек жолын өтті. 2014 жылдың наурыз айынан бастап «Кардиология» циклі бойынша қайта даярлаудан кейін кардиолог дәрігер болып ауыстырылды.
2015 жылғы маусымнан бастап бас дәрігердің емдеу - алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, осы лауазымда қазіргі уақытқа дейін жұмыс жасап келеді.
Жұмыс барысында өзін сауатты, бастамашыл қызметкер ретінде көрсете білді. Жоғары білікті маман болып табылады. Білім деңгейін көтеру үшін үнемі жұмыс істейді. Жастардың тәлімгері. Аурухананың қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.