djanshaeva
Бахтықан Құрманқызы Жаншаева
«Nur Otan» партиясынан депутат

Бахтықан Құрманқызы Жаншаева 1966 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы (Семей облысы), Бақты (Мақаншы) ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген.
Білімі жоғары, үздік бітірген: 1989 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін агроном мамандығы бойынша және 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылдың маусым айында ШҚО Үржар ауданы «Пограничный» кеңшарында әмбебап жұмысшы болып бастады.
1987-1988 жылдары «Пограничный» совхозының техник-гидротехнигі;
1989-1992 жылдары Жезқазған тәжірибе станциясының картоп өсіру бөлімінің бас маманы;
1992-1993 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Достық» ШҚ меңгерушісі;
1994-1995 жылдары Ақтөбе облысы «Дәулет» шаруа қожалығының агрономы;
1997-1998 жылдары Ақтөбе облыстық телеарнасының «Арна» ақпараттық қызметінің редакторы;
1998-2004 жылдары «Хабар» агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі;
2004-2005 жылдары Ақтөбе облыстық телеарнасының директоры;
2006 жылы Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің БАҚ жөніндегі бөлім бастығы;
2009 жылы «РИКА ТВ» телекомпаниясының мемлекеттік тілде хабар таратуының бас редакторы;
2010-2014 жылдары қазақ тіліндегі «Керек.info» газетінің бас редакторы;
2014 жылғы 10 қаңтар мен 2015 жылғы желтоқсан аралығында «Қазақия» газетінің бас редакторы және «БАҚ 4Б» ЖШС директоры;
2016 жылдың қаңтарынан маусымына дейін республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі;
2016 жылғы маусым - 2019 жылғы қараша аралығында «Үштаған» журналының бас редакторы, 2016 жылғы сәуір - 2019 жылғы қыркүйек аралығында республикалық «Информбюро.КZ1» арнасында қызмет атқарды.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Желтоқсанға 30 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың грамотасымен марапатталған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының Мүшесі.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.