dalmagambetov
Оразбек Нәбиұлы Далмағамбетов
«Ауыл» партиясынан депутат

Оразбек Нәбиұлы Далмағамбетов 1951 жылы 9 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жусан-Сай ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қобда ауданы Ново-Алексеевка қазақ орта мектебін бітірген. 1968 жылы Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтына түсіп, 1976 жылы бітірді.
1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
Еңбек жолын 1976 жылы Темір совхоз - техникумында оқытушы, оқу бөлімі бойынша бөлім меңгерушісі, совхоздың бас инженері болып бастаған.
1985 жылдың қарашасынан бастап 1986 жылдың наурызына дейін Алматы қаласындағы «Ауыл шаруашылығының жетекші кадрларын даярлау» Алматы зооветеринарлық институтында оқыған.
1987-1996 жылдары «Казсельхозтехника» басшысы, Темір ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Темір арнайы шаруашылық бірлестігінің директоры, Темір совхоз-техникумының директоры қызметтерін атқарды.
1996 - 2003 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2008 жылдары Хромтау ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
2008-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Коквест» агрофирмасы» ЖШС директорының орынбасары.
Үш бала тәрбиелеп отыр, немерелері мен шөберелері бар.
«Ерен еңбегі», «Конституцияға 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Конституцияға 25 жыл», «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
«Ақтөбе облысының үздік инженері», «Темір ауданының құрметті азаматы», «Хромтау ауданының Құрметті азаматы», «І дәрежелі Еңбек даңқы», «Құрметті ардагер», «Ауыл шаруашылығының үздігі» және т.б. төсбелгілердің иегері.
«Ауыл» партиясының мүшесі, 2019 жылдан бастап аталған партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы. Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.