bekenova
Алмагүл Шұбайқызы Бекенова
«Nur Otan» партиясынан депутат

Алмагүл Шұбайқызы Бекенова 1971 жылы 10 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облыстық телеарнасында бастады. Ұзақ жылдар бойы редактор және жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеді, сонымен қатар авторлық бағдарламалар жасады. «Көзқарас», «Әйелдер әлемі», «Экономика және бизнес» тақырыптық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, «Арна» ақпараттық бағдарламасының редакторы болды. Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысты, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастық жасады, «Дендеріңіз сау болсын» телевизиялық жобасын жүргізді.
2001 жылы Ақтөбе облысындағы қоғамдық-ақпараттық бағыттағы тұңғыш толықтүсті «Томирис» журналын құрды және басқарды. «Томирис» журналында 2005 жылдың ақпанына дейін бас редактор болып қызмет атқарды.
2005 жылдан бастап «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы болып жұмыс істеді.
2006 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстан «РТРК» облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.
2007 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласындағы «Қазақстан» РТРК» тақырыптық бағдарламаларының бас продюсері болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта бизнеспен белсенді айналысады. Әрбір қазақстандық әйелдің басты міндеті - отандық экономиканы дамытуға көмектесу.
Бірнеше рет Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Ақтөбе қалалық мәслихатының V-VI шақырылымдарының депутаты. Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.
Белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады және Ақтөбедегі саясаткер әйелдер клубының мүшесі болып табылады.