bekenov
Құдайберген Елтекұлы Бекенов
«Nur Otan» партиясынан депутат


Құдайберген Елтекұлы Бекенов 1959 жылы 3 маусымда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, фармацевтика ғылымдарының кандидаты. 1984 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын Шымкент қаласындағы фармация мамандығы бойынша және 1997 жылы ҚР салааралық кадр даярлау институтын бухгалтерлік есеп және бақылау мамандығы бойынша бітірген.
1979-1984 жылдары Шымкент қаласындағы Алматы мемлекеттік медицина институтында оқыған.
1984-1985 жылдары Ақтөбе облысы дәріхана басқармасының провизор-инспекторы болып жұмыс істеді;
1985-1986 жылдары - әскери теңіз флотында қызмет атқарды;
1986-1993 жылдары - Ақтөбе облысының дәріханалар басқармасы басшысының орынбасары;
1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Желдорфармация» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2001 жыл, Ырғыз ауданының Құрметті азаматы.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Ақтөбе облыстық мәслихатының үш шақырылымының депутаты. Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.