baimuhan
Жомарт Батиханұлы Баймұхан
«Ауыл» партиясынан депутат

Жомарт Батиханұлы Баймұхан 1993 жылы 27 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы мектептің бірінші сыныбына барды. 2009 жылы аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепті бітірді.
2009-2013 жылдары Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқыды. Колледжді бітіргеннен кейін, 2013 жылы Қарғалы ауданының аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс істеді, сол жылы Қарғалы ауданының Степное ауылына - ауылдық клубтың меңгерушісі болып ауысты.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Балалар музыка мектебінің оқытушысы.
Қарғалы ауданының 95 жылдығына арналған «Қарғалы құшағындағы өлең» атты өлеңдер жинағының авторы. «Ауыл» партиясының мүшесі, 2019 жылдан бастап жастар қанатының төрағасы.
Үйленген, екі баласы бар. Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.