amirgaliev
Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев
«Nur Otan» партиясынан депутат

Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев, 1967 жылы 11 сәуірде Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. 1977 жылы Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданына көшіп келіп, 1984 жылы орта білім алып, кейін ПТУ-15 кәсіптік техникалық училищесін бітірді.
1985 жылғы мамырдан бастап 1987 жылғы мамырға дейін Украина КСР Житомир қаласында әскери қызметін өткерген.
1987 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті. 1992 жылы оны «Агроном» мамандығы бойынша бітірді.
1992 жылдың шілде айында еңбек жолын Ақтөбе облысы Исатай аудандық қаржы бөлімінің маманы болып бастады, кейін бас маман, қаржыландыру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
1995 жылы Ақтөбе облысы Исатай ауданы Ақырап кентінің халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Исатай ауданының таратылуына байланысты 1997 жылы Қобда ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімшесінің сақтандыру қорының сектор меңгерушісі лауазымына ауысты. 1999 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2000 жылдан Қобда ауданы әкімінің орынбасары. 2007 жылдың наурызынан Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі. 2010 жылдың қараша айынан - Хромтау ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі, содан кейін Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
2012 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2013 жылдың 14 қарашасынан 2016 жылдың 11 шілдесіне дейін - Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2016 жылдың 11 қыркүйегінен 2018 жылдың 11 ақпанына дейін - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы.
2018 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ақтөбе облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып табылады.
Үйленген, екі ұлы бар.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.