Мәслихат тарихы

Жергілікті Халық депутаттары кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы заң қабылданғаннан кейін, облыс және аудан тұрғындарының өкілді органы депутаттардың Мәслихат-Жиналысы болып айқындалған 1993 жылғы 10 желтоқсандағы №2578-ХІІ «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заң қабылданды. Жергілікті өкілді орган 5 жыл мерзімге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарымен сайланды.
Сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді және Ақтөбе облыстық Мәслихат-Жиналысы депутаттарының бірінші шақырылымына 37 депутат сайланды. Мәслихат-Жиналысының бірінші сессиясында депутаттар Балихан Жүсіпұлы Жоламановты хатшы, Павел Дмитриевич Криволаповты - Тексеру комиссиясының төрағасы етіп сайлап, жұмыс Регламенті мен Жоспарын бекітті және 5 тұрақты комиссияларды құрды. Тұрақты комиссиялардың төрағаларына Түленді Кәрімұлы Кәрімовты, Үсен Өмірзақұлы Жаманшаловты, Валерьян Васильевич Канды, Игорь Порфирьевич Шкуренконы, Виктор Алексеевич Пфаненштильді және Қажмұхан Асауұлы Сәтеновты сайлады.
Екінші шақырылымның депутаттары 1999 жылдың 10 қазанында кезекті депутаттар сайлауында сайланды, енді тек Мәслихат болып аталды. Өкілеттік мерзімі 4 жылға 31 депутат сайланды. 1999 жылғы 20 қазандағы алғашқы ұйымдастыру сессиясында Мәслихат хатшысы Бақытгүл Қазиханқызы Айымқұлова және Тексеру комиссиясының төрағасы болып Серғазы Қанғожанұлы Исембаев сайланды.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары болып Жақсыбай Өтемісұлы Талаев, Валерий Иванович Гриненко, Есімхан Ақнаурызұлы Құрманғазин, Андрей Николаевич Литвиновский, Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Кенжеғали Кенжебаев сайланды.
Үшінші шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі 2003 жылдың 20 қыркүйегінен 2007 жылдың 18 тамызына дейін. Осы шақырылымның алғашқы сессиясының отырысында Қасымжан Тахауұлы Байсадақов Мәслихат хатшысы болып сайланды, кейіннен оны басқа қызметке ауысуына байланысты 2004 жылғы 28 қыркүйектегі сессияда Амангелді Қабашұлы Есіркепов ауыстырды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Кеңес Баймұханұлы Бірманов, тұрақты комиссиялар төрағасы болып Қуандық Зинешұлы Әлішев, Нұрлан Зейнуллаұлы Сейтқамалов, Всеволод Анатольевич Щегельский, Есімхан Ақнаурызұлы Құрманғазин және Кенжеғали Кенжебаев сайланды.
Төртінші шақырылымның депутаттары 2007 жылдың 18 тамызынан 2012 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімге сайланды. Ұйымдастыру сессиясында депутаттар Амангелді Қабашұлы Есіркеповті мәслихат хатшысы, Тексеру комиссиясының төрағасына Сақыпжамал Айғалиқызы Саттарованы сайлады. Тұрақты комиссияларды Жұмабек Құлмұханбетұлы Куканов, Жеңіс Сейтпағамбетов, Бөгежан Қадырханұлы Аманбаев, Кеңшілік Саттыбайұлы Жұмабаев, Қуаныш Далабайұлы Елубаев және Александр Федорович Чемоданов басқарды.
2009 жылғы 5 қазандағы №228 сессия шешімімен Амангелді Қабашұлы Есіркепов басқа қызметке ауысуына байланысты мәслихат хатшысы қызметінен босатылып, орнына Балғали Құрманғалиұлы Ордабаев бекітілді.
Бесінші шақырылым өз жұмысын облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 20 қаңтардағы алғашқы сессиясында бастады. Мәслихат хатшысы болып Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссиялар төрағалығына Асан Сағынғалиұлы Ыбраев, Асхат Берлешұлы Шахаров, Қайырбек Насырұлы Тоқтаров, Қуаныш Далабайұлы Елубаев, Александр Федорович Чемоданов және Бөгежан Қадырханұлы Аманбаев сайланды.
Өткен жылдары облыстық мәслихаттың депутаттық корпусына 168 адам сайланған. Олардың арасында өндіріс, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы саласының көрнекті өкілдері бар.
Бірнеше шақырылымда жұмыс жасаған, өнеркәсіп өндірісі мекемелерінің басшылары, «ардагерлер» қатарында Бөген Жақыпұлы Жақыпов, Сабыржан Нұрғалұлы Бегімбаев, Петр Степанович Петлюх, Марал Мұңсызбайұлы Бекеев, Александр Алексеевич Кошик, Всеволод Анатольевич Щегельский бар.
Мұнай саласының өкілдері – Наиф Гатуович Камалов, Жеңіс Сейтпағамбетов, Бауыржан Хайроллаұлы Құрманалин, Иосиф Аққалиұлы Аустниязов, Нұр Сабдықов, Тахталифум Сәдуұлы Есенғұлов.
Ірі құрылыс және көлік мекемелерін Николай Николаевич Жиленков, Төлеген Шәріпұлы Таңатаров, Серік Сайденұлы Сарбаев, Бори Александрович Исинаманов, Жарас Төкенұлы Ізғұлов, Қаналы Жаналыұлы Сырлыбаев, Айбол Әнуарұлы Бекмұхамбетов, Бөріхан Сматуллаұлы Беркімбаев басқарды.
Сонымен қатар депутаттық корпусқа сайланғандар қатарында:
ауыл шаруашылығы өндірісінен Аманғос Сансызбайұлы Төлеуов, Өтесін Өтепбергенов, Тилапжан Зайнитдинұлы Ибрагимов, Аманғали Исағалиұлы Өмірғалиев, Жанаис Хузаирович Мамбетов, Николай Федорович Ерошенко;
денсаулық сақтау саласынан Ізбасқан Нұратдин Аймағамбетов, Мариям Тауфикқызы Ғабдрахманова, Ян Николаевич Липириди, Құдайберген Елтекұлы Бекенұлы, Бақыт Аманғалиұлы Шайкенов, Лаура Қожағалиқызы Жазықова;
оқу орнындарынан Темірхан Байбосынұлы Бердімұратов, Ғалымжан Жұмабайұлы Нұрышев, Чепурная Наталья Александровна, Байғазин Кенжеғазы Жаңабайұлы, Бошкова Наталья Федоровна;
банк саласынан Мария Камрадинқызы Тұяқова, Дәния Мәдиқызы Еспаева және тағы басқалары.
Депутаттардың көпшілігі Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық саласына зор үлес қосқан, саясаткер, мемлекеттік органдардың басшылары, ірі кәсіпкер ретінде қалыптасқандар.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31